Переключатель языков

Басты бет

«Арнур Кредит» МҚҰ ЖШС-нің негізі 2001 жылы қаланған, бүгінгі таңда Шымкент қаласында Бас кеңсесі, Қазақстан Республикасының қалаларында 9 филиалы және 43 бөлімшесі бар, олардың 33-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Жұмысын бастағаннан бергі жылдарда компания өз клиенттері арасында қадірі артып, аяғына нық тұрған және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын табысты бизнес-серіктес ретінде беделге ие болды. Бұл компанияға өз капиталын арттыра отырып, тұрақты дамуға және қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Арнур Кредит» негізінен, Оңтүстік Қазақстанның ауылдық аймақтарындағы шағын бизнестің дамуы мен өсуін алға жылжыту мақсатында несиелеуді жүзеге асырып отырған санаулы ғана микроқаржылық ұйымдардың бірі болып табылады. «Арнур Кредит» ЖШС-нің қызметі ауыл халқының өмір деңгейін жақсартуға, оның замануи қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сол арқылы жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

«Арнур Кредит» сапалы өнімдері мен қызметтерін ұсыну арқылы Қазақстандағы жетекші шағын қаржылық ұйымдардың бірі болуды, клиенттердің көңілінен шығудың жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Біз халықаралық және қазақстандық шағын қаржыландыру институттарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қорлармен белсенді байланыстамыз, шағын қаржыландыру мәселелері бойынша халықаралық және қазақстандық конференцияларға және басқа да форумдарға белсене қатысамыз.

Соңғы жаңалықтар

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін