Переключатель языков

Клиенттердің құқықтарын қорғау

Құрметті клиенттер!

Сіз құқылысыз:

•    Несие сарапшысынан кеңес алуға және шағын несие алуға қатысты оған сұрақтар қоюға;
•    Несиесі мерзімінен бұрын айыппұлсыз өтеуге;
•    Көрсетілген қызметтің сапасына қанағаттанбаған жағдайда МҚҰ филиалдары мен Бас кеңсесінде қызметкерге шағым беруге;
•    Қажет болған жағдайда шағын несиені қайта құрылымдау үшін (МҚҰ ішкі ережелеріне сәйкес шағын несие шарттарын өзгерту, өтеу күнін және/немесе мерзімін ұзарту) өтініш беруге;
•    Сізге қатысты қаржылық және коммерциялық мәліметтер үшінші тұлғаларға жария етілмейді.

Шағым беру тәсілдері:

•    МҚҰ бөлімшесінде Басшының атына жазбаша өтініш қалдыру (оның тіркелген көшірмесін алып).
•    МҚҰ әр бөлімшесінде орнатылған «шағымдар мен ұсыныстар» жәшігіне жазбаша түрде өтініш қалдыру;
•    Келесі сымтетіктер бойынша байланысу:   +7 (7252) 53-73-31,
                                                                                      +7 (701) 941-27-65,
                                                                                      +7 (771) 151-00-07;
•    Электрондық пошта арқылы өзінің өтінішін электрондық мекен-жайға жіберу: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Шағын несие төлеуді кешіктірген жағдайда салдары:

•    Несие тарихының нашарлануы;
•    Одан ары несие беруден бас тарту;
•    Күнделікті 0,3% мөлшерінде айыппұлдар есептеу;
•    Кепіл берушіге борышты қайтаруды міндеттеу;
•    Сот шешімі негізінде міндеттемелерді орындаған жағдайда мемлекеттік баж сомасын 3% мөлшерінде өтеу;
•    Сот орындау қызметтері үшін өтеу сомасының 25%-на дейінгі мөлшерін төлеу.

Шағын несие алу кезінде несие сарапшысына талап етуге болады:

•    Өз шағын несиеңіздің пайыздық мөлшерлемесін;
•    Алынған шағын несие сомасын және үстеме төлеу сомасын;
•    Өз шағын несиеңіздің мерзімін;
•    Комиссия мөлшерін және басқа да шағын несие ұйымдастыруға байланысты шығындар;
•    Шағын несиені мерзімінен бұрын өтеу мұмкіндігі;
•    Шағын несиені өтеу кестесін алдын ала көрсетуді. Ай сайынғы жарнаның өтеу күнін Клиент өзі ұсына алады. Мысалы, әр айдың 10 күні.  

                                         Сондай-ақ, Сізден қарапайым қаржылық кауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды сұранамыз:

1. Шағын несиені ЖШС МҚҰ «Арнұр Кредит» кассаларында (банктің есеп аыйырысу шоты арқылы, терминал) өтеуді. Төлем кезінде кассирден фискалдық чек және кіріс-кассалық ордерін талап етуді, ақшалай қаражатты компания қызметкерлеріне беруге тыйым салынады!
2. «Арнұр Кредит» делдалсыз жұмыс істейді. Белгілі бір сыйақы үшін несие алып беруді ұсынатын тұлғалардың еш қатысы жоқ. Өтініш, егер сіз белгілі бір ақыға нмесе қызмет түріне несие алып беруді ұсынатын тұлғаларға тап болған жағдайда, жоғарыда келтірілген шағым беру тәсілдерімен хабарлауға..
3. «Арнұр Кредит» несие сарапшылары компания кеңселерінде немесе клиенттің жұмыс орнында тегін кеңес өткізеді.  
4. Қаржы мәселелерінде бейқам болмаңыз. Есіңізде болсын, ешкім Сізді несие алуға мәжбүрлемейді, сондықтан таныстарыңыздың немесе достарыңыздың өз атыңыздан несие алып беру өтінішіне көнбеңіз. Есіңізде болсын, шағын несие алу келісім шарты рәсімделген тұлға несиелік міндеттемелерге жауапты болып табылады, сондықтан несиені сіз алмағаныңызды дәлелдеп алмайсыз.
5. Несие алу кезінде ақшалай қаражатты кассадан ұзамай санап алу қажет. «Арнұр Кредитте» клиент, қажеттілік туындаған жағдайда, кассирмен қайта тексеруіне және қолына алған соманың толықтығына (шағын несие келісім шарты бойынша самадан клиентке алдын ала белгілі, шағын несие беру үшін комиссия сомасын шегеріп) көз жеткізуіне болады.
6. «Арнұр Кредит» ұстанған саясаты қызметкерлеріне клиенттерден ақшалай қарыз немесе басқалай материалдық игіліктер мен қызметтер алуына тыйым салады. Сондықтан өтініш мұндай әрекеттерге тосқауыл қойып, сондай жағдайдың туындауына жол бермеңіздер. Естеріңізде болсын, компания қызметкерлеріне ешқандай ақшалай қаражат беруге болмайды, бұл қаржылық тәртіп бұзушылық болып табылады!
7. Шағын несие беріліп жатқанда микрокредит қарлғаны және кассалық қызметі үшін комиссиялық алымдар ұсталынады. Сіз комиссиялық алындардың мөлшерін шегеріп тастаған сомманы аласыз.

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін