Переключатель языков

Міндеті, құндылықтары

Болашақтың келбеті:

«Арнур Кредит» - Оңтүстік Қазақстанның халқына жоғары кәсіби деңгейде шағын қаржылық қызметтерді көрсету бойынша Қазақстан Республикасындағы жетекші шағын қаржы институты.

Міндет:

Шағын қаржылық қызметтерді ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуына және негізінен Оңтүстік Қазақстандағы ауыл халқының экономикалық белсенді бөлігінің өмір сапасын жақсартуға көмектесу.

Өзінің табысты қызметімен қаржылық компанияларға деген халықтың сенімін арттыруға ықпал ету және Қазақстан Республикасындағы ең үздік шағын қаржы институтына айналу.

Оңтүстік Қазақстан халқының шағын қаржылық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында және өз қызметін ұзақмерзімдік негізде кеңейту мүмкіндігімен табысты компания құру.

Компанияның қарқынды дамуы мен ұзақмерзімдік табысының кепілі ретінде ұдайы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру, инновациялар мен шығармашылық тәсілдерді ынталандыру.

Құндылықтары:

Сервис деңгейін жетілдіруге ұмтылыс.

Жасаған істеріміздің бәріндегі мінсіздік: біз тез және сапалы жұмыс істейміз.

Біз бір орында тұрмай, өз қызметіміздің барлық қырларында үздік болуға ұмтыламыз. Біз Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының одан әрі экономикалық дамуы үшін шағын қаржыландыру бойынша айтарлықтай икемді қызметтерді, қолжетімді және бейімделген өнімдерді ұсына отырып, клиенттерге қызмет көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз.

Кәсіби даму және мансаптық өсім.

Қызметкерлерге қамқорлық: біз өз қызметкерлерімізге сенеміз, оларды дамытамыз және оларға сенім артамыз.

Қызметкерлер – бұл «Арнур Кредиттің» ең бағалы активі. Компания қызметінің тиімділігін жақсартудың маңызды факторларының бірі – қызметкерлердің кәсіби дамуы. Біз қызметкерлердің кез-келген деңгейдегі басшылармен бірлесе жұмыс істеуін, идеялармен және ұсыныстармен алмасуымен қолдаймыз. Қызметкерлерді кәсіби дамыту мен олардың сапалық сипаттамаларын жақсартудың негізгі құралдары – қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, бұл іспен «Арнур Кредит» Тренинг орталығы айналысады. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға деген ұмтылыстары компания басшылығы тарапынан қолдау тауып, ынталандырылып отырады, Қазақстан аумағындағы «Арнур Кредит» қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесімен дамытылады. Қызметкерлермен айқын және әділетті қарым-қатынас, әділ еңбекақы төлемі, әлеуметтік кепілдіктер беру және қызметкерлерге қамқорлық жасау – бұл қызметкерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілік негізі.

Ашықтық және айқындылық:

Компания жұмысының айқындылығы бизнестегі сенімге тікелей қатысты. Біз клиенттермен, серіктестермен және жалпы қоғаммен өзара қарым-қатынас негізі ретінде әдеп нормалары мен бизнес жүргізу ережелерін сақтай отырып, адал шаруашылық жүргізу қағидаларын ұстанамыз. Жыл сайын Халықаралық аудиторлық компания Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес аудит жүргізеді.

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін