Переключатель языков

Құрылтайшылар

«ОРДА кредит» несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«ОРДА кредит» Оңтүстік Қазақстан аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырады. «ОРДА кредит» қызметінің басым бағыты – микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері мен халықтың несие ресрустарына қолжетімділігін жеңілдету болып табылады.

«ОРДА кредит» –  1999 жылы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру үшін құрылған және содан бергі кезеңде қызмет бағытын өзгертпеген.

"ОРДА кредиттің" даму жылдарында тұрақты және жолға қойылған жұмысқа қажетті қаржылық және техникалық база құрылып, табысты бизнес-серіктес және тұрақты қаржылық мекеме беделіне ие болды.

2008 жылы қаңтар айында – Standard&Poor`s рейтингтік агенттігі ұзақмерзімді және қысқамерзімді "ССС+/С" несие рейтингтерін және ұлттық қадаға бойынша "kzB+" рейтингін берді. Болжам - "Тұрақты".

Мына факторлар «ОРДА кредиттің» күшті жақтары болып табылады:

  • • • Оңтүстік Қазақстан облысының нарығын қамтуы;
  • • • Қалыптасқан қызметкерлер командасы;
  • • • Банктік бизнестегі ұзақмерзімді жұмыс тәжірибесі.

«ОРДА кредит» заңды және жеке тұлғаларға ұлттық валютада мерзімділік, қайтарымдылық және ақылылық шартымен қарыз береді. Несие саясаты азық-түлік өнімдерін, халықтық тұтыну тауарларын өндіру мен қайта өңдеуді, құрылысты және басқа да кәсіпкерлік қызмет салаларын, сондай-ақ тұтынушылық мақсаттарды қаржыландыруға бағытталған.

«ОРДА кредит» инвестицияларына қазақстандық эмитенттердің ұжымдық құнды қағаздары, еншілес ұйымдар мен жылжымайтын мүлікке инвестициялар кіреді.

 

Rural Impulse Fund II (RIF II)

Rural Impulse Fund II (RIF II) RIF I мұрагері болып табылады, сонымен қатар несиелік және капиталдық инвестициялар есебінен шағын қаржы ұйымдарына инвестициялайды. Бұл коммерциялық ШҚҰ жағдайы нашар ауылдық аймақтарға қаржылық қызметтерін ұсынады. Бұл қордағы инвесторлар – даму банктері (IFC, EIB, KfW, BIO, FMO, PROPARCO and NMI), қаржылық мекемелер (Storebrand, BNP ParibasFortis, BankfürKircheundCaritas, VDKSpaarbank, Vinis-DieErsteSparinvest, Microfinanza и Volksvermogen) және бельгиялық кәсіподақ ACV-CSC METEA болып табылады.

 

ASN-Novib Microcredit Fund (ANMF)

1999 жылы ASN және Oxfam Novib банкі негізін қалаған ASN-Novib Microcredit Fund (ANMF) қоры Нидерландтағы ШҚҰ-ға арналған алғашқы өзара-бөлшек қоры болған. Қор жеке тұлғалардың ASN банкі сататын акцияларды сатып алу арқылы ШҚҰ-ға инвестиция жасауға мүмкіндік береді. Қордың мақсаты – дамушы елдердің нарықтық экономикасындағы кәсіпкерлердің барлық типтерінің барынша кең көлемде қатысуын ынталандыру болып табылады.

Қор ресми банк жүйесіне қолжетімділігі жоқ микро-кәсіпкерлерге лайықты шағын қаржы ұйымдарының капиталын ұсынады; банктер мұндай кәсіпкерлерді не тым тәуекелді немесе тым кішкентай деп қарастырады. 0,9% 30 күннен асатын портфель тәуекелімен қор өте жақсы қызметтік тізімімен мақтана алады.

ANMF ұлғайып келе жатқан және кемелденген шағын қаржы ұйымдарына (бірінші кезекте ШҚҰ реттеп отыратын қаржылық ұйымдар мен банктерге, сонымен қатар ҮЕҰ-ға да) инвестиция салады. Ол ЭЫДМ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымын) дамытуға ресми көмек беруші елдер ретінде көрсетілген Африка, Азия, Шығыс Еуропа және Латын Америкасы елдерінде жұмыс істейді.

 

MicroVest Capital Management

MicroVest Capital Management, ООО инвестициялау үшін коммерциялық негізді қолдана отырып, жаһандық ауқымдағы кедейлікті азайтуға арналған жеке, коммерциялық емес инвестициялық кеңесші болып табылады.

Компания халықаралық жеке капиталдың аз қамтылған қаржы ұйымдарына ағылуына көмектесу жолымен кедейлікпен күресудің тұрақты шешімдерін іздестіреді. Компания коммерциялық тәсіл біздің инвесторларымыз үшін нарықтық қаржылық қайтарым кезінде дамушы елдерге оң ықпал жасау үшін барынша тиімді, ауқымды және тұрақты шешім ұсына алады деп есептейді.

MicroVest географиялық облыстың бүкіл ендігіндегі шағын табысы бар шағын қаржылық және басқа да қаржылық ұйымдарға қарыздық және қамсыздандыру бойынша капиталға инвестиция салуды жүзеге асыратын қорларды басқарады.

MicroVest негізінен үш коммерциялық емес ұйымның және команданың негізгі мүшелерінің меншігінде. Коммерциялық емес қожайындары MicroVest, CARE, MEDA, және Cordes қорының шағын бизнес пен инвестициялауды халықаралық дамыту саласында 50 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін