Переключатель языков

Даму тарихы

2017 ж.  

«Арнұр Кредит» МҚҰ қызметкерлері  Алматы қаласында өткен «Цифравой Казахстан. Микрофинансирование» атты  “Risk Challenge Micro 2017” нарығының кәсіби қатысушыларына арналған жыл сайынғы конференцияға қатысты.(ұйымдастырушылар «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС болды).

Конференция шеңберінде екі бөлім болды: МҚҰ секциясы және Финтех секциясы. Сессияда қаржыландыру, инновациялар мен технологиялар, жаңа маркетинг және нарыққа арналған бизнес мүмкіндіктер, сондай-ақ несие тәуекелдерін азайтудың жаңа құралдары туралы негізгі мәселелер қамтылды.

ЕБРР-дің аймақтық шағын бизнес бағдарламасы Орталық Азиядағы қаржы компанияларын оқыту мен ноу-хау қажеттілігін анықтау бойынша ауқымды зерттеу жүргізілді. Жоба ноу-хау және ақпараттарды мақсатты аудиториялармен бөлісуге, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті (ММС) қаржыландыру саласында тиісті материалдарды ұсынады, сондай-ақ онлайн оқытуға мүмкіндік береді.

«Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС-нің  Басқарма Төрайымы Курбаналиева Р.Н. 2017жыл 15 қараша  Алматы   қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің VII конгрессіне қатысты. Конгресске жоғары деңгейде еліміздің қаржы нарығының барлық сегменттерінің өкілдері - банктер, сақтандыру, инвестициялық және брокерлік компаниялар дәстүрлі түрде қатысты.

Конгресстің басты тақырыбы макроэкономикалық саясат пен қаржы секторын одан әрі дамыту болды. Конгресті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұйымдастырды.

«Балаларға өмір сыйла»

«Арнұр Кредит» «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық ұйымының бағдарламасына қатысады.

Арнұр Кредит 2016 жылы ОҚО, Шымкент қаласы, Қарабастау ауылында тұратын, қорқынышты диагноз ретинабластома (көз торшасының қатерлі ісігі) мен күресіп жатқан, 3 жастағы Жанібек Бегасылға қаржылай көмек қолын созды. Осылайша аурудың асқынып кетуы тоқтатылды және қәзіргі таңда баланың жағдайы жақсы.

Кәсіпорын 2017 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында тұратын Мурат Асель есімді қызға қаржылай көмектесті. Диагнозы:созылмалы  лимфобластикалық лейкемия,яғни  «Ақ қан» ауруы болатын.

Сондай-ақ, Арнұр Кредит әкімшілігі өз қызметкерлеріне қыздың емделуіне көмектесу үшін қайырымдылық жасауды ұсынды және Арнур Кредит қызметкерлері бір күндік жалақы соммасын Мурат Асельдің емделуі үшін көмек ретінде аударды.

Қызметкерлерді қашықтықтан оқытуға арналған электрондық алаң

2017 жылдың қыркүйегінде Business & Finance Consulting (BFC) компаниясымен қызметкерлерді қашықтықтан оқытуға арналған жоба басталды. Жобаны сәтті сынақтан өткізгеннен кейін қызметкерлерді қашықтықтан оқытуға арналған электрондық алаң жасалды.

Артықшылықтары:

–                Алыста орналасқан бөлімше қызметкерлеріне арналған тренингке қол жеткізу;

–                Тренинг өткізуге кететін уақыт пен шығындарды унемдеу;

 

–                Қызметкерлер өз бөлімшелерінен онлайн түрде аттестатциялау және жұмысқа үміткерлер бас кеңсеге бармай-ақ тест тапсыруға мүмкіндіктері бар.

 

2016 ж.

IFC-мен стратегиялық жоспарлау бойынша ынтымақтастық шеңберінде техникалық көмек жобасы іске қосылды.

Осы жобаның шеңберінде IFC консультанттары арқылы келесі іс-шаралар өткізілді:

– Микроқаржылық ұйымның ағымдағы стратегиясын зерттеу;

–Нарықтық зерттеу жүргізу;

– Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуымен МҚҰ-ның  негізгі қызметкерлерімен семинарлар өткізу

Алдағы уақытта IFC Арнур Кредит жобасының жүзеге асырылуын бақылайтын болады.

ТОО «Международный Школа Маркетинга» сәуір айында «Арнұр Кредит» МҚҰ-на ішкі нарықты және клиенттердің микроқаржыға деген қажеттіліктерін анықтау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізді. Клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында ережелер мен стандарттар көрсетілген Корпоративтік сату кітабы жасалды.

«Арнұр Кредит» МҚҰ  «Даму» қорының Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының операторы болып табылады.  «Даму» қоры «Арнұр Кредит» МҚҰ арқылы  Орта және шағын бизнесті қолдауға арналған бағдарлама шеңберінде 16% жеңілдетілген  несие  бөлді.

«Арнұр Кредит» өтелмеген несиелерді есепке алу мақсатында «Collection» бағдарламасын сатып алды.

Бұл бағдарлама есептен шығарылған  және өтелмеген қарыздарды өтеу жөніндегі шараларды іске асыруды үнемі қадағалап отыру үшін проблемалық микрокредитті ашық және онлайн режимде көруге мүмкіндік берді.

 

2015 ж.

2015 жылдың маусым айында Арнур Кредит» шағын қаржы ұйымы (ШҚҰ) ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден сәтті өтті және ҚР Ұлттық Банкіндегі шағын несие ұйымдарының тізіліміне енгізілді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, «Арнур Кредиттен» қарыз алушы әйелдер саны жалпы актив портфелінде – 42,31%, ауылдық қарыз алушылар саны – 86,23%. 

 

2013-2014 ж.

2013 жылы «Арнур Кредит» өзінің жеке Тренинг орталығын ашты. Бөлімнің негізгі міндеті – «Арнур Кредит» қызметкерлерін кәсіби дамыту – қызметкерлерді қайта оқыту, біліктілігін арттыру, орындарын ауыстыру, аттестаттау болып табылады. Кәсіби өсім және қызметкерлерге қамқорлық – «Арнур Кредит» табысының негізі.

2013-2014 ж. IFC және Incofin Investment Management бірлесе қаржыландырған «Strengthening HR Policies and Procedures at Arnur Credit» жобасының жүзеге асырылуы. Жобаны BFC консалтингтік компаниясы орындады, ол қызметкерлерді басқару, соның ішінде іріктеу саясаты мен рәсімдерін және несие сарапшыларын даярлау бағдарламасын бекіту бойынша техникалық қызмет көрсетуге негізделді.

2013-2014 ж. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен (ЕБРР) бірлесе «Арнур Кредит» ШҚҰ ЖШС – Институционалдық даму және әлеуетті арттыру» жобасы орындалды, жоба кеңесшісі "Frankfurt School of Finance & Management" болып табылады.

 

2011-2012 ж.

2011ж. 10 жылдық межесінде Компанияның несие портфелі 1 780 372 117 теңгеге жетті. Өзінің 10 жылдық қызметінде «Арнур Кредит» 6 767 987 378 теңгеден астам сомаға 19 145 несие беріпті. Несиелердің 50%-дан астамы негізінен ауыл халқының өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына берілген.

2012 ж. «Арнур Кредит» өзінің Қазақстан Республикасы аумағындағы географиялық орналасу орнын кеңейте бастады. Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында Филиалдары мен бөлімшелері ашылды.

2012 ж. «Арнур Кредит» - «Бірінші несиелік бюро» ЖШС-нің қатысушысы. Қазан айында компания клиенттермен жұмыс істеу кезіндегі құқықтық, экономикалық және беделдік тәуекелдерді уақтылы анықтау және азайту мақсатында «Бірінші Несиелік бюро» ЖШС-мен ақпараттар беру және несиелік есептер алып тұру жөніндегі шартқа қол қойды.

 

2010-2011 ж.

2010 жылы «Арнур Кредит» Орталық және Шығыс Еуропа бойынша және ТМД елдері (Варшава, Польша) бойынша Шағын қаржы Орталығының толыққұқылы мүшесі болды. ШҚО – бұл шағын қаржыландыру бойынша Орталық және Шығыс Еуропаның 100-ден астам дамыған елдерін біріктіріп отырған орталық, оның қызметі өз мүшелерінің мүдделерін және жалпы Қазақстанның шағын несие секторын нығайтуға және алға жылжытуға бағытталған.

2011 жылдың басында «Microfinanza Rating» халықаралық рейтингтік компаниясы «Арнур Кредит» қызметіне халықаралық әлеуметтік рейтингтік бағалау жүргізіп, «Келешегі бар» деген бағасын берді. Анықтамасы – өз міндетін тәжірибе жүзінде тиімді іске асыру және әлеуметтік құндылықтарды ілгерілетудің сайма-сай қабілеті.

 

2004-2009 ж.

2004 жылдан бастап өзінің филиалдар жүйесін дамытуды ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарында Филиалдары мен Бөлімдерін ашудан бастады. 2009 жылға қарай «Арнур Кредит» шағын несиелер беру жөнінен жұмысы айқын және тұрақты компанияға айналып, Оңтүстік Қазақстанның барлық аумағын қамтыды.

2006 жылы «Арнур Кредит» Қазақстанның Шағын қаржы Ұйымдары Қауымдастығының (АМФОК) мүшесі болды. Қауымдастықтың негізгі мақсаты – кедейшілік деңгейін төмендету және экономикалық өсімді қолдау мақсатында халықтың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін тұрақты қамтамасыз ету үшін шағын несие секторын дамыту.

2007 жылы, айқындылық белгілерінің сәйкестік белгісі ретінде бізге бүкіл әлемдегі шағын қаржы ұйымдарын біріктіретін халықаралық MIX Market web-платформасының бағалауы бойынша 5 алмаздан тұратын дәреже табысталды.

 

2001-2004 ж.  

«Арнур Кредит» 2001 жылы «Арнур және К» Жауапкершілігі шектеулі (коммандиттік) Ауыл Несие Серіктестігі ретінде құрылған. 2004 жылы «Арнур және К» Жауапкершілігі шектеулі (коммандиттік) Ауыл Несие Серіктестігі «Арнур Кредит» Шағын несие ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып, өз мәртебесін өзгертті.

 

 

 

 

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін