Переключатель языков

Клиенттерді қорғау Қағидаларын ұстану

2016 жылы  қазан айында "Арнұр Кредит" халықаралық "Smart Campaign" компаниясының "Тұтынушылық құқығын қорғау"  қағидасы бойынша сертификатталды. Осылайша әлеуметтік диагностика нәтежесінде біздің компания "Smart Campaign" компаниясының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау 7 қағидалары мен 99 көрсеткіштеріне  сәйкес ұстанатындығын растады.

«Басты құндылық – Клиент»   «Клиент – Ең Маңызды Тұлға»

«Арнур Кредит» ШҚҰ ЖШС әлеуметтік-бағдарланған ұйым болып табылады және өз қызметінде ақылмен қаржыландыру қағидасын ұстанады. «Арнур Кредит» қызметкерлері клиенттермен жұмыс істегенде, олардың клиенттік сегменттің қаржылық қажеттіліктері талап етіп отырғаннан артық ақшаны қарызға алмауын, және өздеріне қажетсіз қаржылық өнімдерді тұтынбауын ойлайды. Біздің қызметкерлер клиенттермен қарым-қатынаста үнемі жоғары әдеп нормаларын ұстанады және қарыз ақшаны өндіргенде де клиенттерге құрметпен қарайды. Компания олардың қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған арыз-шағымдарын қарау механизмін ұсынады, және клиенттер туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді. «Арнур Кредит» клиенттермен мықты және ұзақ қарым-қатынас орнату үшін Smart Campaign бастамашылық еткен клиенттерді қорғаудың 7 қағидасын қолданады: 

  • • Қолайлы өнімдер және сатылым арналары
  • • Шектен тыс қарызды болдырмау
  • • Айқындылық
  • • Жауапты баға белгілеу
  • • Клиенттерге әділ және құрметпен қарау
  • • Клиенттер туралы мәліметтердің құпиялылығы
  • • Арыз-шағымдарды қарау және шешу механизмі.

Қолайлы өнімдер және сатылым арналары

  • • Клиенттерге шағын несие беру рәсімі несиені алу/өтеу шарттары мен рәсімдерін түсіну үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Шағын несиелерді беру ережелері компанияның барлық бөлімшелеріндегі ақпараттық стенділерде орналастырылған.   
  • • «Арнур Кредит» озбырлық сатылым техникаларын қолданбайды. Қызметкерлер әрдайым клиенттерге өнімдерді таңдауға да, олардан бас тартуға да құқықтары бар екенін хабарлай отырып, клиентке зиян келтірмейтін өнімдерді ұсынады (несие мөлшері клиенттік сегменттің негізгі қаржылық қажеттіліктеріне сай келеді). 
  • • Несие бөлімі тоқсан сайын клиенттерден алынған сауалнама нәтижесі бойынша клиенттердің кетуінің және несие өнімдері мен қызметтеріне қанағаттануының себептерін зерделейді және клиенттік базаны ұстап тұру мақсатында кешіліктерді жойып, алдағы уақытта оларға жол бермеу бағытында тиісті шараларды қабылдауы үшін зерделеу нәтижелерін басшылыққа баяндайды.  

Шектен тыс қарызды болдырмау

  • • «Арнур Кредит» клиенттердің өтеу мүмкіндіктеріне тиісті бағалау жүргізеді және несиелерді мақұлдау кезінде тек кепілдіктер мен кепілзаттарға ғана сүйенбейді. Әрбір шағын несие бойынша талдау клиенттің шағын несиені өтеу мүмкіндіктерінің таразыланған шектеулері ескеріле отырып жүргізіледі. Біз өзіміз клиент қайтаруға қабілетті деп есептеген қарызды ғана ұсынамыз. Несие беруші қызметкерлер клиенттерге шектен тыс қарыздың кері салдарлары жайлы түсіндіруді оқып-үйренген.
  • • Компания басшылығы ай сайын өнім түрлері, мақсаттар, филиалдар, мерзімдер және т.б. бойынша топтастырылған портфель сапасы жөнінде егжей-тегжейлі есеп алады, тоқсан сайын клиенттердің қосарлас несиелерінің бар-жоғы туралы есеп алады. 
  • • «Арнур Кредит» ағымдағы несиелері бар-жоғы немесе несие тарихының жағдайы туралы ақпарат алу үшін өз клиенттерін, соның ішінде жұбайлары мен кепілгерлерін 2012 жылдан бері Бірінші Несие бюросы арқылы және 2016 жылдан бері Мемлекеттік Несие бюросы арқылы тексереді.

Айқындылық

  • • Компания қызметкерлерді клиенттермен жұмыс істеуге үйретуге бағытталған семинарлар өткізіп тұрады, онда клиенттерге олар келіп жүгінген сәттен бастап шағын несие алғанға дейін кеңес беру тәртібі түсіндіріледі. 
  • • Клиенттер сыйақы мөлшерлемелері және шағын несие беру кезіндегі басқа да алымдар, өздері шағын несие алуға келісетін мерзімдер мен шарттар, сондай-ақ қарызды уақтылы өтемеген жағдайда қосылатын өсімақы мен айыппұлдар және уақыт өте келе несиелеу шартының өзгеру мүмкіндігі туралы жеткілікті дәрежеде ақпараттандырылған. Өнімдер бойынша ақпарат қолжетімді және айқын, әртүрлі құралдар арқылы ұсынылады (жарнамалық-тарату материалдары, ақпараттық стендтер, сайт, сондай-ақ ауызша).
  • • Клиенттерге ықтимал өтем кестесінің үлгілері ұсынылады, оны олар шағын несие алуға қатысты оң немесе кері шешім қабылдау үшін өздерімен бірге үйлеріне алып кете алады. 
  • • Шағын несие беру туралы шартқа мемлекеттік және орыс тілдерінде қол қойылады және онда қарыз бойынша қажетті ақпарат болады. 

Жауапты баға белгілеу

  • • «Арнур Кредиттің» баға белгілеуі басқа ұйымдармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті болып табылады. Өнімдер бойынша бағалар қарыздар клиенттерге қолжетімді болатындай, сонымен қатар «Арнур Кредиттің» қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етілетіндей етіп белгіленеді. 
  • • Өтініштің қаралуы үшін алынатын алым мен кассалық қызмет көрсету комиссиясы шамадан тыс болып табылмайды. Несиені мерзімінен бұрын өтеген жағдайда клиенттен айыппұл санкциялары өндірілмейді. Ұлттық Банктің талаптарына сай, шағын несиелерді беру тіралы шарттарда жылдық тиімді сенімді салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесінің белгіленген шектік мөлшерінен аспайтын тиімді пайыздық мөлшерлеме қойылады. 

Клиенттерге әділ және құрметпен қарау

  • • «Арнур Кредит» қызметкерлері көрсетуі тиіс мінез-құлық Қызметкерлердің ұжымдық тәртібі Кодексінде анық жазылған, онда қорлайтын сөздерді қолдануға, кемсітуге, күш қолдануға және т.б. тыйым салынған. «Арнур Кредит» қызметкерлері клиенттермен қарым-қатынас жасауда жоғары әдеп нормаларын сақтауға арнайы оқып-үйретіледі. 
  • • Клиенттер өз құқықтары жайлы хабардар етілген, несие беру барысындағы кері байланыс жүйесі туралы ақпараттандырылған. Құқықтар мен міндеттердің жалпы сипаттамасы келісімге қол қою кезінде ұсынылады.
  • • «Арнур Кредиттің» қауіпсіздік қызметі алаяқтық деректерін жою және алдын алу үшін алдын-ала ескерту жұмыстарын жүргізеді. Ішкі аудит клиенттермен кездесу өткізу кезінде саясаттардың кез-келген бұзылу жағдайларын тексереді. 

Клиенттер туралы мәліметтердің құпиялылығы

  • • Клиенттерді құпиялылық мәселелері бойынша ақпараттандыру және клиент бойынша ақпаратты пайдалану (Несие бюросы) несие беру үдерісінің бір бөлігі болып табылады. 
  • • Клиенттерден алынған ақпарат құпия болып табылады және клиенттің келісімінсіз басқа мақсаттарға пайдаланылмайды. 
  • • Клиенттің дербес мәліметтерінің қорғалуы қолданыстағы заңнамаға және компанияның ішкі тәртібіне сәйкес қамтамасыз етіледі. 

Арыз-шағымдарды қарау және шешу механизмі

  • • «Арнур Кредитте» арыз-шағымдарды уақтылы қарау және соған сай әрекет ету механизмдерін, сондай-ақ клиенттерде туындаған мәселелерді шешу механизмдерін белгілейтін «Арнур Кредит» ШҚҰ ЖШС клиенттерінің арыз, шағымдарын қарау тәртібі туралы ереже» жасалған. 
  • • Клиенттерден келіп түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстар «Арнур Кредиттің» әрбір Филиалында тіркеледі. Арыз-шағым беруге арналған  кері байланыс арналары туралы толық ақпарат «Арнур Кредиттің» Филиалдарында орналастырылған. 
  • • Компания қызметкерлері оларды жұмысқа қабылдау кезінде клиенттердің арыз-шағымдарымен жұмыс істеу механизмдері бойынша кіріспе тренингтен өтеді.

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін