Переключатель языков

Әлеуметтік рейтинг

MicroFinanza Rating (Италия) халықаралық рейтинг агенттігі «Арнур Кредит» ШҚҰ ЖШС-не әлеуметтік рейтинг берді

Арнур Кредит Халықаралық банк тобы – SGAP сертификаттаған шағын несие ұйымдары мен бактерді бағалау бойынша итальяндық MicroFinanza Rating компаниясының халықаралық әлеуметтік рейтингтік бағалауынан өтті. 2011 жылғы қызмет қорытындысы бойынша халықаралық әлеуметтік бағдарланған рейтингтік компаниясы Арнур Кредитке» «sBB» халықаралық қабылданған нормаларға сәйкес «әлеуметтік рейтинг» берді.

Рейтингтік компания сарапшыларының мәліметінше, «Арнур Кредиттің» өз мақсаттары мен міндеттерін тәжірибеде іске асыру мен жүктелген әлеуметтік міндеттерді алға жылжытуға қажетті айтарлықтай тиімді қабілеті бар және өзінің әлеуметтік мақсаттарына жету ықтималдылығы өте жоғары. Әлеуметтік рейтинг өзінің әлеуметтік міндеттерін тәжірибе жүзінде іске асыру және оның әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу бойынша шағын қаржы ұйымдарының (ШҚҰ) институционалдық әлеуетінің сыртқы, дұрыс және жауапты бағасы болып табылады. Аталған рейтинг ұйым қызметінің әлеуметтік көрсеткіштері туралы әділ тұжырым жасайды және нақты бір ШҚҰ-ны тек Орталық Азия аймағындағы ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлемдегі шағын қаржы ұйымдарымен салыстыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік рейтинг компанияның әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуда, сондай-ақ шағын қаржыландыру нарығындағы тиімділігі мен айқындылығын арттыруда маңызды рөл ойнайды.

Анықтама: 2000 жылы құрылған "MicroFinanza Rating" халықаралық рейтингтік агенттігі әлемдегі шағын қаржы индустриясының ең белсенді және тәжірибелі рейтингтік агенттіктерінің бірі болып табылады. "MicroFinanza Rating" мамандары 60-тан астам мемлекеттерде 480-нен аса жобаны жүргізген. "MicroFinanza Rating" Бас кеңсесі Миланда (Италия) орналасқан, агенттіктің сондай-ақ Латын Америкасында, ТМД елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия мен Африкада да аймақтық кеңселер желісі бар.

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін