Переключатель языков

«Арнур Кредиттің» әлеуметтік жауапкершілігі

Әлеуметтік ықпал компанияның әлеуметтік міндетінің тиімді іске асуы болып табылады.

«Шағын қаржылық қызметтерді ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуына және негізінен Оңтүстік Қазақстандағы ауыл халқының экономикалық белсенді бөлігінің өмір сапасын жақсартуға көмектесу».

Біз өз міндетімізбен көзделген әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу бұдан да мақсатты стратегия мен бұдан да жүйелі мониторингті қажет ететінін түсінген сайын әлеуметтік ықпалдың мониторингі мен бағалауы бұдан да маңызды бола түседі.

Компания дамыған сайын біз клиенттерді ұстап тұру және жаңа клиенттерді тарту біздің компаниямыздың олардың қажеттіліктеріне сай келу қабілетімізге және олардың біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізден барынша көп пайда көруіне көмектесу мүмкіндігіне байланысты екендігін түсіндік. Шағын қажыландырудағы шетелдік және отандық тәжірибелерді талдаулар әлеуметтік және қаржылық көрсеткіштер өзара байланысты екендігін және бір-біріне ықпал ететінін көрсетті. Осыны түсіне отырып, «Арнур Кредит» қызметкерлері арнайы оқудан өтіп, әлеуметтік көрсеткіштерді бағалау жүйесі ретінде әлеуметтік ықпалды басқарумен қаруланды және бұл ақпаратты өз қызметін жетілдіру үшін пайдалануда. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, MixMarket-ке айқындылық қағидалары бойынша әлеуметтік есеп тапсырылды. «Арнур Кредит» өз ақпаратын уақтылы және дұрыс тапсырған алғашқы компаниялардың бірі болды, соның нәтижесінде «Арнур Кредит» MixMarket-тің Алтын Сертификатымен марапатталды. Компания жыл сайынғы негізде Incofin, DVM, IFC, EBRD сияқты несие берушілерге әлеуметтік ықпал бойынша есептілік тапсырады.

Әлеуметтік-жауапты қаржыландыру - "Арнур Кредиттің" ұжымдық әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі бағыттарының бірі. Біз клиенттермен, серіктестермен және жалпы қоғаммен өзара қарым-қатынас негізі ретінде әдеп нормаларын және бизнес жүргізу ережелерін сақтап, адал шаруашылық жүргізу қағидаларын ұстана отырып, болашақтың негізі бүгін қаланатынын білеміз. Біздің несие – біздің клиентіміздің табысы.

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін