Переключатель языков

Қызметкерлердің алдындағы әлеуметтік жауапкершілік

2016 жылы қазан айында "Aрнұр Кредит" халықаралық "Smart Campaign"  Компаниясының "Тұтынушылардың құқығын қорғау" қағидасы бойынша сертификатталды. Осылайша әлеуметтік диагностика нәтежесинде біздің компания "Smart Campaign" компаниясының Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың 7 қағидалары мен 99 көрсеткіштеріне сәйкес ұстанатындагын растады.

Қызметкерлерге қамқорлық: біз өз қызметкерлерімізге сенеміз, оларды дамытамыз және оларға сенім артамыз.

Қызметкерлер – бұл «Арнур Кредиттің» ең бағалы активі. Компанияның Кадрлық саясатының негізгі мақсаты – кадрлық әлеуетті оңтайландыру және тұрақтандыру, қызметкерлерді өндірістік басқару жүйесін жетілдіру, олардың әлеуметтік қорғалу жүйесін құру болып табылады. «Арнур Кредит» белгілі бір қағидаларды ұстанады, оны компания басшылығы мен қызметкерлері де қолдайды.

Қызметкерлердің алдындағы әлеуметтік жауапкершілік:

  1. Компания қызметкерлерінің еңбекақысын әділ және уақтылы төлеу, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әрбір қызметкердің мансабының жоғарылауына, тұлғалық және кәсіби дамуына қажетті барлық жағдайларды жасау. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі және ынталандыру жүйесі ішкі актімен, «Арнур Кредит» ШҚҰ ЖШС қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы Ережемен, «Арнур Кредит» ШҚҰ ЖШС қызметкерлеріне сыйақы беру тәртібі туралы Рәсіммен реттеледі. Қызметкерлерді ынталандыру Ережелерін қалыптастыру кезінде «Арнур Кредит» мынадай ынталандыру қағидаларын ескереді: қолжетімділік, ақырындап іске асырушылық, сараланушылық, кешенділік.
  2. Компания өз қызметкерлеріне қамқорлық көрсетіп, қызметкерлер үшін оңтайлы «әлеуметтік пакетті» жасап және қолдап отыр, ол: қызметтік мақсатта пайдаланылатын жеке көліктің ЖЖМ өтемақысын төлеу, ұялы байланыс қызметтерін ұсыну, ұжымдық іс-шараларға және жолсапарларға қатысу. Компания ҚР Еңбек Кодексінде қаралған барлық нормалардың мүлтіксіз орындалуы бойынша өз қызметкерлерінің және олардың отбасыларының алдындағы жауапкершілікті өз мойнына алған, және Арал экологиялық апаты нәтижесінде зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Компания қызметкерлері жұмысқа қабылдау, босату, құжаттарды рәсімдеу, еңбекақы төлеу, Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорына қаржы аудару, жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалыстарын беру және т.б. үдерістер еңбек заңнамасы нормаларына сәйкес шешілетініне әркез сенімді бола алады.
  3. «Арнур Кредит» — бұл табысты, қарқынды дамып келе жатқан компания, мұнда әрбір қызметкер үшін қызметтік өсу мүмкіндіктері бар. Компанияның ең үздік басшылары компанияның мүддесі үшін өмір сүретін, компанияны ішінен жақсы білетін желілік қызметкерлердің арасынан өсіп шығады. Біз барлық қызметкерлер үшін қолжетімді оқыту бағдарламасын және жаңа қызметтік міндеттер аясындағы мүмкіндіктерді ұсынамыз. Біздің Тренинг орталығында өтетін оқыту бағдарламамыздың арқасында жаңа қызметкерлер өздерінен нақты не күтілетінін білетін болады. Жаңа жұмыс орнындағы алғашқы апталар – ең қиын кезең екенін біз жақсы білеміз! Дәл осы уақыт көбіне біздің ынтымақтастығымыздың алдағы табысын анықтайды. Сондықтан, біз жаңа қызметкерлерді жүйелі және кәсіби түрде оқытуға ерекше көңіл бөлеміз. «Арнур Кредиттің» Тренинг орталығы біздің қызметкерлеріміздің кәсіби дамуына көмектеседі. Біз қызметкерлерді дамытудың әртүрлі әдістерін қолданамыз: тәжірибелі сарапшылар жүргізетін ішкі және сыртқы тренингтер, менеджерлер мен әріптестердің қолдауы мен көмегі, мамандардың жұмысын бақылау. Сондай-ақ қызметкердің даму бағытын анықтау, қызметкерлердің алдына қойылған міндеттерді бағалау, қызметкерлерді ынталандыру мақсатында Тренинг орталығы тұрақты түрде жалпыға бірдей онлайн тестілеу жүргізіп отырады. Біз өз қызметкерлеріміздің қабілеттерін ашып, әрі қарай дамытамыз.
  4. Біз қызметкерлердің кез-келген деңгейдегі басшылармен бірлесе жұмыс ісетуін, идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісуін қолдаймыз. «Арнур Кредит» өз қызметкерлерімен қарым-қатынасын ұзақмерзімді ынтымақтастық, өзара сыйластық және өзара міндеттемелерін мүлтіксіз орындау, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, қызметте өсіру кезінде кемсітушіліктің болмауы негізінде қалыптастырады. Компанияда Басқарма Төрағасымен байланыс арнасы жұмыс істейді. «Арнур Кредиттің» барлық бөлімшелерінде көрнекті жерде Қабылдау кестесі ілінеді. Компанияның кез-келген қызметкері кестеге сай өзін қызықтырған сауалды тікелей компания басшылығына қоя алады.
  5. 5. Команда құру.

Компания басшылығының сауатты саясатының арқасында Компания қызметкерлерін ынталандыру мәселесінде, 2011 жылдың жазында, «Арнур Кредиттің» 10 жылдығына орай, Компанияда қала сыртына шыға отырып, «ТeamBuilding» тренингі ұйымдастырылды, оған «Арнур Кредиттің» 100-ден астам қызметкері қатысты.

Тренингтің негізгі мақсаттары:

  • • ұжымдағы ахуалды жақсарту, ішкі ширығудан, эмоционалдық шырмалудан арылу;
  • • құрылымдық ынтымақтастық пен командаға араласушылық тәжірибесін алу;
  • • бірлескен еңбек өнімділігі мен командаішілік әрекеттестікті арттыру;
  • • өз күшіне сенімділік сезімін дамыту;
  • • ортақ нәтижеге жауаптылық және әр адамның ортақ іске қосқан үлесіне тәуелділік, өз командасының мүшелеріне сену сезімдерін дамыту және т.б.

«Rинновация» ЖШС компаниясының жоғары кәсіби тренерлер командасының көмегімен тренингтің барлық алға қойған мақсаттарына қол жеткізілді. Ойындар, шығармашылық байқаулар – күні бойына көптеген жағымды әсерлер сыйлады.

Осы жолы танылған команданың ауызбіршілігі «Арнур Кредит» ұжымы – бір үлкен және тату отбасы екенін тағы бір рет дәлелдеді! Қызметкерлердің әрбірінің бірлігі және жоғары деңгейлі жасампаздығы - «Арнур Кредит» табысының кепілі.

Компания басшылығы тиімді команда – адамдарды қуаттандыратын және ең қиын жағдайлардың өзінде ұстап тұратын бірегей ұжымдық рух екенін жақсы түсінеді. Нағыз командалыққа қол жеткізу үшін Компания ұжымды біріктіретін тренингтерді жиі өткізіп тұрады.

Жағымды жұмыс ахуалын сақтау және командалық рухты құру үшін «Арнур Кредит» демалыста да, спортта да ұжымдық мәдениетке көңіл бөледі. Салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің командалық рухын бекіту мақсатында, компания жыл сайын көктемде «Арнур Кредит» Филиалдары қызметкерлерінің арасында футболдан жолдастық матч өткізеді. Ұжымдық спорттық іс-шара – барлық жастағы қызметкерлерді дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақыруға көмектесетін мереке. Сондықтан, мұндай іс-шаралардың басты міндеті – денсаулыққа қамқорлық жасау.

Мамыр жиындарының (маевка) пайда болуы бірінші мамырмен тығыз байланысты. Біздің компания да осы үрдісті ұстанады. Көктемде, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, қызметкерлер табиғат аясындағы көкке шығып, сейіл ұйымдастырады. Мұндай демалыс қарым-қатынас жасап, байланыс орнатуға көмектеседі, қызметкерлерге өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуіне мүмкіндік береді. Табиғат аясындағы ұжымдық демалыс – ұжымды біріктіру мен командалық рухты қалыптастырудың керемет әдісі.

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін