Переключатель языков

Жобалар

«Арнур кредит» ШҚҰ ЖШС-нің қайырымдылық және демеушілік қызметінің мақсаты – компанияның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, қызметкерлерді біріктіру, жауапкершілік пен өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру болып табылады. Компания қоғамның белсенді мүшесі ретінде еліміздің қоғамдық өміріне қатысудан қалыс қалмайды.

 

«АДАМДАРҒА ҚУАНЫШ»

«Арнур Кредит» мүмкіндігі шектеулі жандарға да бейжай қарай алмайды.

Жаңа жыл – ғажайыптар орындалатын мереке. Жаңа жыл есік ашар тұста «Арнур Кредит» жыл сайын, 6 жылдан бері «Облыстық психоневрологиялық диспансер» ММ-не қайырымдылық көрсетіп келеді. Диспансердегі барлық науқастарға тәтті жаңажылдық сыйлықтар табыс етіледі. Бұл адамдар – қоғамның ең қорғалмаған санаты, сондықтан олар біздің қолдауымызға зәру. Мейірім сыйлау әрқашанда өте жеңіл және оңай!

 


«ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ»

«Арнур Кредит» бірнеше жылдан бері «Садақтан, арбалеттен және дартстан ату федерациясы» ФРОО-ға демеушілік көмек беріп, балалар мен жасөспірімдер командаларына қолдау көрсетіп келеді. Компания садақтан ату бойынша жыл сайынғы Халықаралық турнирді өткізуге белсенді атсалысады.


«НАУРЫЗ»

Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келе жатқан қазақтардың ғана емес, көптеген Азия халықтарының да әр жылғы басты мейрамы. Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруының, жаңа жылдың, жаңа тіршіліктің басталуының мерекесі. Наурыздың тойлануының түпкі төркіні пұтқа табынушылықтан басталады, бұл – табиғатқа табыну мерекесі. Наурыз 22 наурызда – көктемгі күн мен түн теңелген күні атап өтіледі. Бұл - өте символикалық мереке және көптеген дәстүрлер мен ғұрыптар осы Наурызбен тығыз байланысты. Бұл күні барлығы жиналып, дастархан жаяды, бауырсақ пісіріп, дәстүрлі мерекелік тағам – «Наурыз көже» пісіреді, ән салып, би билейді және «Алтыбақан тебу», «Көкпар», «Қыз қуу» және «Айтыс» сияқты ұлттық ойындарды ойнайды.

Бұл мерекеден біздің мекеме де шет қалмады: «Арнур Кредит» көктем мерекесі – Наурызды атап өтуде: көрші мекемелерден – Балалар саз мектебі мен «Би таңы» би мектебінен де қонақтар шақырылды. Сондай-ақ, «Іскерлік серіктестер қауымдастығы» ҚБ атынан «Бауырмал» мүмкіндігі шектеулі жандардың Сырласу үйінен де балалар шақырылды.

Мерекеде мүмкіндігі шектеулі балалар, Балалар саз мектебінің балалары мен оқытушылары, «Би таңы» би мектебінің талантты бишілері өнер көрсетті. «Бауырмал» қорынан келген балалардың қолдан жасалған кәдесыйларының көрмесі, қонақтар арасында байқаулар және басқа да ойын-сауық шаралары өткізілді.


«ҚАҺАРМАН ЕРЛЕР МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА»

Жыл сайын «Арнур Кредит» Жеңіс күніне арналған қайырымдылық Акциясын өткізеді.

9 мамыр – «көзге жас алар мейрам». Дегенмен, бұл – халық жүрегінен сөнбейтін ұлы әскери даңқ мейрамы.

Ұлы мереке қарсаңында компания қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Сарыағаш, Сайрам, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Шардара аудандары мен Түркістан және Шымкент қалаларында тұратын 40 ҰОС ардагерлеріне барып қайтты. Көмек ретінде қызметкерлер ардагерлерге ең қажетті азық-түлік тауарларын табыстады. ҰОС ардагерлері үшін бұл күтпеген тосынсый болды. Олар компания қызметкерлерін асқан қуанышпен қарсы алды және сый-сияпаттарға өте риза болды. Ардагерлер бізбен өз естеліктерімен бөлісті.

Уақыт жүйрік, ал ардагерлер қатары жыл санап кеміп барады. Біз тірі тұрғанда, халқымыздың бүгінгі бейбіт өміріміз үшін қандай үлкен құрбандыққа барғанын әрдайым есте ұстайтын боламыз. Жеңіс күні – қасиетті күн, оралмасқа кеткен жауынгерлер де мәңгілік біздің жадымыздан өшпейді. Даңқтарыңыз арта берсін, Сіздерге зор тағзым және үлкен РАХМЕТ!

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін