Переключатель языков

Мансап

«Арнур Кредит» – бұл ортақ мақсат жолында жұмыс істеп жүрген жақтастар командасы ғана емес. Бұл – сонымен қатар, бізді біріктіріп отырған күшті ұжымдық рух. Біздің компаниямызда табысты мансапқа жету үшін, сіз жай ғана кәсіби деңгейіңізге сай болып қана қоймай, біздің құндылықтарымызды қуаттап, біздің дәстүрлерімізді қабылдауыңыз керек.

«Арнур Кредиттің» жетістігі – компанияның барлық қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесі. Ең үздік жетістіктер үшін біз әріптестерімізді Құрмет грамотасымен және түрлі аталымдардағы «Жылдың үздік қызметкері» атағымен марапаттаймыз. Біз әрбір жаңадан келген адам біздің жетістіктерімізді лайықты бағалай отырып, өзі де тың жаңалықтар енгізіп, өз тәжрибесімен бөліседі деп күтеміз.

Бізде қалыптасқан нормалар мен ережелер қатаң сақталады. Дегенмен, жаңа білімдер мен машықтарға да әрдайым біздің есігіміз ашық, себебі бұл – біздің дамуымыздың кепілі.

Біз ұжымдағы қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Біздің қызметкерлеріміздің көпшілігі компанияда көп жылдардан бері жұмыс істейді. Сондықтан, біз болашақ әріптестерімізді таңдауға байсалды түрде қараймыз. Егер Сізді біздегі бос жұмыс орындарының бірі қызықтырса, әңгімелесу мен тестілеудің бірнеше кезеңінен өтуге дайындалыңыз.

Біз бірге кәсіби түрде жұмыс істеп, түрлі ұжымдық және спорттық шараларда бір-бірімізбен керемет уақыт өткізе аламыз.

Егер біздің ұжымдық рухымыз Сізге жақын болса, және біздің құндылықтарымызды қуаттасаңыз, келіңіз, танысайық!

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Мекенжайы

ОҚО, Шымкент қ,
Г.Иляев көш, 47, 160011

Жұмыс тәртібі

Дүйсенбі-Жұма
9.00 ден 18.00 дейін