Шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімі
өткізіп алынған кездегі қарыз алушының құқықтары
Қарыз алушы жеке тұлға болып табылса, ол «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша міндеттемені орындаудың мерзімін кешіктіру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Банкке баруға және (немесе) жазбаша нысанда және (немесе) цифрлық объектілері арқылы және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген өзге де тәсілмен Шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістері және оның Шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін өзге де мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті ұсынуға құқылы.
Бұл ретте Заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген қарыз алушы — жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Банк банктік қарыз шартының талаптарына қарыз алушы — жеке тұлға ұсынған өзгерістерді қарайды және жазбаша түрде қарыз алушыға банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ цифрлық объектілері арқылы қабылдаған мынадай шешімдердің бірі туралы хабарлайды:
- Шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
- Шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстары;
- Шарт талаптарына өзгерістерді енгізуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы.
Ұйымның Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған жағдайда немесе Шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алмаған жағдайда қарыз алушы – жеке тұлға осындай шешімді алған күннен бастап үш ай ішінде банк омбудсманына жүгінуге құқылы.
Қарыз алушы Ұйымның Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттілігі туралы талабын қанағаттандырмаған, сондай-ақ жеке тұлға-қарыз алушы Заңның 9-2-бабы 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы-жеке тұлғаның және Банктің арасында Шарт талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, Заңның 9-2-бабы 5-тармағына сәйкес ұйым қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде мыналармен шектелмей, берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге (ұйымның Шарт бойынша осындай құқығы болған жағдайда), Заңның 9-2-бабы 5-тармағында көрсетілген тұлғаға Шарт бойынша құқықты (талап етуді) беруге, Шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талаппен жүгінуге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге берілген мүлікке соттан тыс тәртіппен немесе сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Ұйым:
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;
- төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен
қарыз алушы – жеке тұлға Заңның 9-2-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 2) тармақшасында көзделген Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде Шарт бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей, кемінде үш ай мерзімге Шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды.
Заңның 9-2-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушының өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісі қарыз алушының өтінішпен жүгінген не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.