Новости на казахском

ЕҚДБ кәсіпкер әйелдерді және жастар бизнесін қолдауда

• ЕҚДБ "Арнур Кредит "МҚҰ" ЖШС-не 6 миллион доллар көлемінде қаржыландыру ұсынады, оның ішінде 4 миллион доллар "Бизнестегі әйелдер" (WiB) бағдарламасы бойынша беріледі, ал 2 миллион доллары "Бизнестегі жастар" (YiB) бағдарламасы бойынша беріледі.
• ЕҚДБ әлеуетті арттыру үшін "Арнур Кредит "МҚҰ" ЖШС-не "Бизнестегі әйелдер" және "бизнестегі Жастар" бағдарламалары бойынша техникалық көмек көрсетеді.

ЕҚДБ 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның ірі микроқаржы ұйымдарының бірі "Арнур Кредит "МҚҰ" ЖШС-ін (бұдан әрі – Arnur Credit) қаржыландырып келеді. Arnur Сredit-тің 44 қосалқы ЕҚДБ мен Arnur Credit арасындағы кредиттік келісімдерге ресми қол қою 2023 жылғы 12 желтоқсанда Ташкент қаласында (Өзбекстан) Орталық Азияда "Бизнестегі жастар" бағдарламасын іске қосу кезінде өтті. ие және Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарын, сонымен қатар Алматы мен Шымкент қалаларын қамтиды.

Жаңа қаржыландыру ЕҚДБ-ныт екі бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады:
- WIB кредиті жалпы сомасы 4 миллион долларға тең теңгемен берілетін болады;
- YiB кредиті жалпы сомасы 2 миллион долларға тең теңгемен берілетін болады.

2015 жылы ЕҚДБ бүкіл ел бойынша кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтетін "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасын іске қосты. Arnur Credit аталмыш бағдарламаға 2018 жылы қосылды. Arnur Credit-те "Бизнестегі әйелдер" аясында 2022 жылдан бастап жасыл қаржыландыру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

ЕҚДБ құны 200 миллион еуро (218 миллион АҚШ доллары) болатын жеті жылдық бағдарламаны іске қоса отырып, Орталық Азиядағы жастар кәсіпкерлігін және жұмыспен қамтуды дамыту мәселелерін шешеді. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі жастар басқаратын немесе оларға тиесілі микро, шағын және орта кәсіпорындарға (МСАК) бағытталған.

Бағдарлама Орталық Азия мен Моңғолиядағы 20 серіктес қаржы институттары үшін 200 миллион еуроға дейін несие беруді көздейді. Сонымен қатар, шағын бизнеске арналған қаржылық емес мақсаттағы банктік қызметтер - "шағын бизнеске кеңес беру" бағдарламасы арқылы оқыту, кеңес беру қызметтері және желілерді құру арқылы олардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар аясында ЕҚДБ Arnur Credit әлеуетін арттыру үшін техникалық көмек көрсеті көзделген, сондай-ақ микро-, шағын және бизнесті несиелеу саласында жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерді енгізуге ат салысады.

ЕҚДБ мен Arnur Credit арасындағы несиелік келісімдерге ресми қол қою рәсімі 2023 жылғы 12 желтоқсанда Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен Орталық Азияда "Бизнестегі жастар" бағдарламасын іске қосу шарасы кезінде өтті.