Новости на казахском

Шымкент қаласының Дендросаябағында жаңа аллея гүлденді!

Шымкент қаласының Дендросаябағында жаңа аллея гүлденді! 🌳

Өткен демалыс күндері біз Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябағында ағаш отырғызу және орындықтар орнату бойынша іс-шара өткіздік. Барлығы 10 Тунберг Бөріқарақат бұтасы отырғызылып, 9 атаулы орындық орнатылды.

«Біз халыққа қаржылық қызмет көрсету арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесуге тырысамыз, сонымен қатар қала тұрғындары үшін көгалдандыру мен жайлылық жасауға өз үлесімізді қосамыз», — деп атап өтті «Арнур Кредит» МҚҰ» ЖШС басшысы Раушан Құрбаналиева.

Іс-шара «ESG — әлеуметтік бағыт» бағдарламасы аясында өтті.