Новости на казахском

«Арнұр Кредит» және Азия Даму Банкі (шілде 2019)

2019 жылдың сәуір айында «Арнұр Кредит» МҚҰ Азия даму банкінен (АДБ) біздің қызметкерлерімізді оқытуға және біліктілігін арттыруға грант алды. Тренингтерді Алматылық FinCreditAdvisor компаниясы өткізді.

FinCreditAdvisor сарапшылары Арнұр кредиттің негізгі персоналына: кредиттік бөлімшелердің қызметкерлеріне, сондай-ақ орта буын және басқарма басшыларына арналған тренинг бағдарламасын жасады. Тақырыптар микробизнес және ШОБ жобаларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы секторына кредит беру және тәуекелдерді бағалау мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар, сату және келіссөздер бойынша бағдарламалар жасалды.