Пікірлер қазақша

Ербатырова Акзия

Қызылорда облысы, Арал ауданының 62 жасар тұрғыны Ербатырова Ақзия 14 жылдан бері өз кәсібін дөңгелетуде.

«Арнұрмен» серіктестігін 2013 жылдан бастаған болатын. Несиелік қаражаттың арқасында өз кәсібін кеңейтіп, екінші сауда дүкенін ашты, дүкенге арналған барлық жабдықтары мен төлем терминалдары сатып алынды. Сонымен қатар кәсіпкер несие рәсімдеп жүк көлігін сатып алып, сол арқылы көтерме бағамен азық түлік тауарларын әкеп сатады. Тез бұзылатын азық түлікке арналған қойма жалдайды.

Жалпы несие сомасы 9 200 000 теңге.