Пікірлер қазақша

Құрмашев Мәлік Өмірзақұлы

Құрмашев Мәлік Өмірзақұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ұшқын а/о тұрғыны. Үйленген, төрт баласы бар.

Клиент өсімдік өсірумен 30 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді, атап айтқанда, ол ашық топырақтағы ерте пісетін қырыққабат пен картопты өсіреді, сондай-ақ қызанақ пен қияр өсіретін жылыжайы да бар. Бұл бизнес үшін көлемі 4,5 гектар жер учаскесі бар, оның 30 сотығында жылыжай орналасқан. Клиент 2009 жылдан бері «Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС-нің Сарыағаш аудандық филиалынан несие алып келеді. 300 000 теңге сомасындағы алғашқы несиесін бизнесін дамыту үшін алған, яғни көлемі 10 сотық жылыжай салған. 300 000 теңге сомасындағы екінші траншты айналым капиталына салған. Келесі транштарын клиент жылыжайды дамытуға салды, бүгінгі күні жылыжайын 30 сотыққа дейін кеңейтіп, отбасының материалдық жағдайын жақсартып отыр.