Новости на казахском

«Арнур Кредит» МҚҰ» ЖШС-і «Даму» КДҚ» АҚ-мен кредиттік желі шеңберінде жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгеге 6 транш алды

Маусым айында «Арнур Кредит» МҚҰ» ЖШС-і микро және шағын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (Даму-Микро) кейіннен қаржыландыру үшін «Даму» КДҚ» АҚ-мен кредиттік желі шеңберінде жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгеге 6 транш алды, осылайша бөлінген қаражаттың барлық сомасы толық игерілді.

Біз 6 жыл бойы «Даму «КДҚ» АҚ-мен табысты ынтымақтастық жасап келеміз. Осы жылдар ішінде 2000-ға жуық ШОБ субъектілерін несиелендіруге бағытталған 5,5 миллиард теңгеден астам қаражат игерілді.

Қаржыландырудың мақсаты микро және шағын жеке кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қаржылық қолдау болып табылады.

«Даму» КДҚ» АҚ-мен ынтымақтастық біздің клиенттерімізге бизнесті кеңейту үшін сыйақының жеңілдікті мөлшерлемесі бойынша қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, бізде өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мүмкіндігі бар екеніне қуаныштымыз.