Пікірлер қазақша

Құдабаев Сұлтанбек Әлібекұлы

Құдабаев Сұлтанбек Әлібекұлы, 1972 жылы туылған, ОҚО, Ордабасы ауданы, Шұбарсу а/о тұрғыны, «Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС Ордабасы аудандық филиалының клиенті. Үйленген, 3 ұлы және 1 қызы бар.

«10 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келемін, азық-түлік және құрылыс материалдарын сататын дүкендерім бар.

«Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС туралы «Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС-нен несие алған туысымнан естіп-білдім.

Ең алғаш «Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС-не 2011 жылы маусым айында жүгіндім, ақша дүкен құрылысына қажет болған еді. Жыл бойы несиемді мерзімінен кешіктірмей төлеп отырдым. Менің оң несие тарихым мен тәртіптілігіме қарай, шағын несие алу үдерісін жеңілдету үшін маған шағын несие желісін ашып берді.

Өз желімнің аясында мен «Бекжан» дүкеніндегі тауарлардың ассортиментін арттыру үшін, ұн мен қант, тұрмыстық химияны көтерме сату үшін, тағы бір сусындардың көтерме сауда нүктесін ашу үшін 2 000 000 теңге сомасында 1 транш алдым. Барлық келесі транштарды мен тауарлар ассортиментін көбейтуге және кеңейтуге жұмсадым.

Жергілікті халық сұранысының артуы мен тауар айналымының жақсаруына байланысты, алдағы уақытта тағы бір шағын маркет ашуды жоспарлап отырмын, осының бәрі «Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС-мен ынтымақтастығымның арқасында.

Қолдауларыңыз үшін рахмет!!!