Пікірлер қазақша

Абубакирова Гули Гуламовна

Гули Гуламовна дәріхана бизнесінде кәсібін дөңгелетіп және сол саланы дамытып жүргеніне 10 жыл болды. Ол өзінен дәрі-дәрмек алуға келген әрбір тұтынушының қажеттіліктеріне әрдайым құлақ асады. Өзінің табандылығы мен «Арнур Кредит» МҚҰ-мен серіктестігінің арқасында процедуралық кабинетін іске қосты. Бұл қадам екпе тағайындалған тұтынушыларға дәрі-дәрмек алмен қатар, дәріхана табалдырығында кәсіби медициналық көмек алуына да септігін тигізді.

Біздің басқа да тұтынушыларымыз секілді Гули Абубакирова өз ісін сүйеді және оны әрдайым дамытуда. Жақын маңдағы аудандардың тұрғындары алғашқы көмекті ешқандай кезексіз, үйлеріне жақын жерден дансаулығына деген қамқорлық пен ілтипатпен жаңа процедуралық кабинеттен алып жүргендеріне дән риза.

«Арнур Кредит» МҚҰ несиелік желісімен Гули Гуламовна өз ісін әрі қарай тұғырлы дамытудың жаңа мүмкіндіктерін табатынына кәміл сенімді. Сізде бізбен бірге серіктестікке қосылыңыз. Қаржылық қызметтермен қатар Сіздің ісіңізді «БИКЕШ» қаржылық емес қызметімен де қолдай аламыз. «БИКЕШ» бағдарламасымен әрбір әйел-кәсіпкер біздің «Сырласу» атты оқыту шараларының арнайы серияларына қатысып, ЕҚДБ бағдарламасынан несие ала алады.

Толығырақ ақпарат: +7 778 746 06 38