Пікірлер қазақша

Кукубаева Гулжан Алиевна

Несиеленуші Кукубаева Гульжан Алиевна Сарыағаш қаласының тұрғыны, жолдасы мен 2 ұлымен бірге тұрады.

Қәзіргі таңда киім тігу, жөндеу ательесін ұйымдастыру танымал кәсіп болып келеді. Көптеген киім дүкендерінің болғанына қарамастан көптеген адамдар арнайы тапсырыспен тіктіртіп киінуге әуес. Сондықтан да несиеленуші Гульжан Алиевна аталмыш кәсіпті дөңгетіп жүргеніне 25 жылдың жүзі болды. Кәсіпкердің ательесі Сарыағаштың дәл ортасында орналасқан, сондықтан да адам санының көптігі сұраныстың көбеюіне септігін тигізеді.

«Арнұрмен» серіктестігін кәсіпкер 2013 жылдан бастап, бірігіп кәсібін дамытуда. Алғашқы несие қаражатына тігін машиналары мен тігін тігуге арналған қосалқы заттар сатып алып, тігіншілерді жұмысқа қабылдады. Қазіргі таңда несиеленушінің шағын несиелік желісінің сомасын 2 000 000 теңгеге өсіріп,тауар айналымын кеңейтіп отыр. Үлкен көлемде Шымкент және Ташкент қаласынан маталар алып келіп, көптеп тапсырыстар қабылдайды. Тапсырыстар мереке күндері карнавалдық көйлектерге артады. Ал біз өз кезегімізде тек мол табыстар тілейміз.