Пікірлер қазақша

Сыдықов Құралбек

Сыдықов Құралбек, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны. Үйленген, бес баласы бар.

Клиент мал шаруашылығымен 15 жылдан бері айналысып келеді. Көлемі 130 гектар жер учаскесі бар, онда фермасы орналасқан. Клиент «Арнұр-Кредит» МҚҰ ЖШС Сарыағаш аудандық филиалынан 2012 жылдан бері несие алып келеді. Алғашқы шағын несиесін 1 000 000 теңге сомасында алған, несие мақсаты мал басын көбейту болған. Алғашқы несиесін алған сәтте қарыз алушының 20 бас ірі қара малы (ІҚМ), 2 жылқысы және 200 ұсақ мүйізді малы (ҰММ) болған. Алынған сомаға 4 бас жылқы, 10 бас ІҚМ сатып алған Екінші траншты 2 000 000 теңге сомасында алып, 50 бас ІҚМ сатып алған, сондай-ақ мал қораларын кеңейткен. 1 200 000 теңге сомасындағы келесі несиені 100 бас ІҚМ сатып алу үшін алған. Клиент несиелеу барысында мал басын айтарлықтай – 300 бас ІҚМ-ға көбейтіп алды, бұған қоса клиент 300 бас ІҚМ-ға арналған мал қорасын кеңейтіп, бизнесін дамыту арқылы отбасының материалдық жағдайын жақсартты.