Молдабекова Амина Турахановна 20 жылдан бері Түркістан қаласында өз кәсібін жүргізуде. Өз ісін базардағы сауда орнын жалға алып, тігін фурнитурасын сатумен бастаған. Ерен еңбегі мен кәсібіне адалдығы кәсіпкер ретінде өсуіне үлесін қосты.
«Арнұрмен» серіктестігі 2017 жылы 500 000 теңгеге несие рәсімдеумен басталған болатын. Сонсоң кәсіпке жұмсалатын несие қаражатына сұраныстың өсуіне орай Амина Турахановна 3 000 000 теңгеге несие желісін ашуды ұйғарды.
Қәзіргі таңда несиеленуші фурнитура сатумен айналысатын 2сауда дүкенінің иесі, сонымен қатар үйде перде тігумен айналысады. 5 000 000 теңгенің тауары бар. 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.