Новости на казахском

ЕҚДБ «Арнұр Кредитке» 4 млн долларға дейін несиесін береді

Несие біздің компания серіктес қаржы институты ретінде қатысатын «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша теңгемен беріледі.

Несиенің мақсаты – әйел кәсіпкерлігін және қаржыға қолжетімділігін, кеңірек айтқанда, Қазақстанда күшті шағын және орта бизнес секторын дамыту арқылы әйелдердің бизнеске қатысуын ынталандыру. Бағдарлама әйелдер басқаратын ШОБ үшін қаржы мен кеңестерге қол жеткізуді жеңілдетеді. «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша несие «Арнұр Кредит» техникалық көмегі арқылы кәсіпкер әйелдерге бағытталған тұрақты несиелеу тетіктерін дамытумен толықтырылады, мысалы, ноу-хауға қол жеткізу, бизнесті дамыту құралдары мен желілік мүмкіндіктер.