«Арнур Кредит» МҚҰ» ЖШС-і «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) мен «Арнур Кредит» МҚҰ» ЖШС-і арасында жасалған 01.02.2022 жылғы кредиттік келісім бойынша бөлінген қаражатты толық игерді.
Осы бағдарлама шеңберінде ЕҚДБ-ны қаржыландырудың жалпы көлемі 4 миллион АҚШ долларын құрайды, оның бір бөлігі қазақстандық бизнес пен тұрғын үй секторын энергия тиімді жаңғыртуға қаржыландыруға бөлінді.
Бағдарламаны және «жасыл кредитті» микро (оның ішінде ЖК және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар), шағын және орта бизнестің басшылары немесе меншік иелері болып табылатын Кәсіпкер әйелдер пайдалана алады. Жасыл несиелер:
• энергия тиімді жабдықтар мен материалдардың көмегімен тұрғын үй мен бизнесті, оның ішінде кәсіпорындарды, кеңселерді энергия тиімді жаңғырту;
• жаңа тұрмыстық және өнеркәсіптік энергия тиімді жабдықтар мен материалдарды сатып алу, терезелерді, жылыту және желдету жүйелерін, қасбеттік жүйелерді ауыстыру;
• ауыл шаруашылығында жаңа көлік пен жабдықтарды, жылыжайларды, суару жүйелерін, жер мен дақылдарды дайындауға арналған жабдықтарды сатып алу және қолданыстағыларын жаңғырту үшін арналған.
ЕҚДБ қарыз қаражатының арқасында біз әйелдерге бизнесін кеңейту үшін микрокредиттер береміз, сол арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және әйелдер мен ерлер үшін бизнесте тең мүмкіндіктер жасауға ықпал етеміз.
Қаржылық қолдау – бұл бағдарламаның жалғыз бөлігі емес. «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында біз «БИКЕШ» атты арнайы бағдарлама әзірледік. «Бикеш» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде кәсіпкер әйелдерге арналған «Сырласу» атты бейресми білім беру іс-шараларының арнайы сериясы ұйымдастырылды, ол әйелдерге идеялармен және тәжірибемен алмасу және олардың білімін арттыру үшін қолайлы жағдай жасайды.