Новости на казахском

Біз MFR-ден Клиенттерді қорғау стандарттары бойынша Алтын сертификат алдық

Cerise-SPTF Client Protection Certification – бұл Клиенттерді қорғау стандарттарына сәйкес келетін қаржы институттарын қоғамдық тануды қамтамасыз ететін тәуелсіз бағалаушы тарап.

Клиенттерді қорғау Қағидалары бойынша сертификаттау жауапты қаржы саласында, оның ішінде көптеген инвесторлар мен донорлар жоғары бағалайды, өйткені, ол «клиентке зиян келтірмеу» талабын негізге алған – бұл сектордан көптеген мүдделі тараптары күтетін минимум.

Сертификаттау мекеменің саясаты, процедуралары, басқару жүйелері, оқыту және маркетинг тәжірибесі бойынша Клиентті қорғау саласының сегіз аумағын қарастырады. Стандарттар мен көрсеткіштер жақында қоғамдық және экологиялық тиімділікті басқарудың әмбебап стандарттарының соңғы нұсқасы бойынша қаралды және толық сәйкестендірілді.

Жаңа сертификаттау клиенттерді қорғаудың қолайлы саясаты мен тәжірибесін енгізу бағытында жасалған әрекеті пен өсудің нәтижелері негізінде қаржылық институттардың мойындау үрдісін қамтиды. Сондықтан, сертификаттау көрсеткіштердің пайыздық көрсеткіштеріне байланысты бағалаудың үш деңгейін (қола, күміс және алтын) ұсынады.

Arnur Credit Клиенттерді қорғау стандарттарына сәйкес болғандықтан Алтын сертификатына қол жеткізді.
MFR – тұрақты қаржы саласына рейтингтер, деректер және техникалық сараптама ұсынатын халықаралық рейтинг агенттігі болып табылады. Компания 2000 жылы MicroFinanza аясында жұмысын бастады және 2006 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөлінді.

Италияда орналасқан MFR 4 континентте орналасқан 5 аймақтық (Эквадор, Мексика, Кения, Қырғыз Республикасы және Филиппин) және 1 ел офисі (Боливия) желісін қолдайды және мамандандырылған рейтинг агенттіктері арасында ең үлкен географиялық қамтумен ерекшеленеді.

MFR лайықты сенімге ие. MFR Міндетті рейтингтерді Қадағалау органы (Эквадор, 2007 ж.) тарапынан міндетті рейтингтерге лицензия алған бірінші мамандандырылған рейтингтік агенттік және 2 елдегі (2014 жылдан бері Боливияны қоса) лицензияланған жалғыз агенттік.