«Бизнес тегі әйел» бағдарламасының 10 жылдығына арналған конференцияда Компания қаржылық емес қызметтер саласындағы көшбасшы ретінде жоғары марапатқа лайық деп танылды.
ARNUR CREDIT ЕҚДБ-ның серіктесі болып келе жатқанына 10 жылдан асты. Ынтымақтастықтың басты мақсаты — кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету ғана емес, сонымен бірге қаржылық емес қызметтер ұсыну: әйелдер кәсіпкерлігіне арналған менторлық пен тренингтер өткізу.
Жобаларды жүзеге асыруға «Қолдау Береке» корпоративтік қоры да белсенді қатысады.