Новости на казахском

Балаларға арналған шығармашылық мастер-класс

Балалар — біздің бақытымыз бен болашағымыз. Әрқайсымыз балаларымыздың амандығы үшін еңбек етеміз. Ата-аналарды осы маңызды рөлді атқаруда қолдау үшін 2021 жылдың 24 шілдесінде «Арнұр Кредит» компанияның 20 жылдық мерейтойына орай қызметкерлердің балаларына арналған шығармашылық семинар ұйымдастырды. Мастер-класстың тақырыбы – «Менің ата-анам қайда жұмыс істейді».

Түрлі жасты ұлдар мен қыздар Шымкенттегі біздің бас кеңсеміздің үлкен залына жиналып, Art Lab зертханасының тамаша нұсқаушыларымен бірге тамаша уақыт өткізді. Шығармашылық мастер-класстың соңында барлық балалар өздерінің туындылары үшін сыйлықтар алды.