Пікірлер қазақша

Кадирова Наргиза Асанхановна

Кадирова Наргиза Асанхановна Түркістан облысы, Сайрам тұрғын ауданында 20 жылдан бері өз кәсібін дөңгелетуде . Несиеленушінің негізгі кәсібі құрт, қаймақ, сүзбе сынды сүт өнімдерін шығару.

Алғаш рет «Арнұр Кредит» жайлы аталмыш микроқаржылық ұйым серіктестігінің арқасында мал басын көбейткен көршісінен естіген болатын. 10 000 000 теңгені құрайтын алғашқы несие қаражатына кәсіпкер құрғақ сүт шығаратын жабдық сатып алған болатын.

Қазіргі таңда кәсіпкер айына 3 000 килограмм сүт өнімдерін шығарады, өзінің Шымкент, Қызылорда, Алматы, Қарағанды қалаларында көтерме сатып алушылары бар. Займның жалпы сомасы 31 000 000 теңге. Кәсіпкер 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.