BIKESH 2026: Қазақстандағы әйел кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер
ARNUR CREDIT әйелдер кәсіпкерлігін қолдау аясында жүзеге асырып келе жатқан BIKESH бағдарламасы 2026 жылы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жоба кәсіпкер әйелдерге білім алуға, тәжірибе алмасуға, өз бизнесін танытуға және қаржылай қолдау алуға мүмкіндік береді.
BIKESH жылдар бойы әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды жобалардың біріне айналды. Бағдарламаның ажырамас бөлігі — 2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Сырласу» білім беру бағыты. Осы уақыт ішінде бағдарлама іс-шараларына 800-ден астам әйел кәсіпкер қатысты.
«Сырласу» аясында қатысушылар бизнесті дамытуға қажетті практикалық білім мен заманауи құралдарды меңгеріп, тәжірибе алмасады және кәсіпкер әйелдер қауымдастығымен байланыс орнатады.
BIKESH 2026 — жаңартылған формат және жаңа мүмкіндіктер
2026 жылы BIKESH бағдарламасының форматы жаңартылып, қатысушылар үшін мүмкіндіктер кеңейтілді. Жаңа номинациялар енгізіліп, жүлде қоры ұлғайтылды.
Байқау бизнестің түрлі саласында еңбек ететін және кәсіпкерлік жолының әр кезеңінде жүрген әйелдерге арналған. Бұл тек қалыптасқан бизнесті ғана емес, жаңа бастамалар мен болашағы зор кәсіпкерлік жобаларды да қолдауға мүмкіндік береді.
Биыл байқау 5 номинация бойынша өтеді:
«Сырласудың» шабыттандырушы түлегі»;
«Үздік агробизнес»;
«Дамушы бизнес»;
«Үздік бастама»;
«Отбасылық бизнес».
Байқау жеңімпаздары өз кәсібін дамытуға арналған ақшалай гранттарға ие болады, сондай-ақ финалистерге ARNUR CREDIT атынан бағалы сыйлықтар табысталады.
2026 жылғы тағы бір жаңашылдық — байқауға онлайн форматта өтінім беру мүмкіндігі. Қатысушылар бейнепрезентация арқылы өз кәсібінің тарихын, тәжірибесін, жетістіктерін және алдағы даму жоспарын таныстыра алады.
BIKESH 2026 қорытынды рәсімі — 9 қазанда
Жобаның басты оқиғасы — 2026 жылғы 9 қазанда өтетін BIKESH 2026 салтанатты қорытынды рәсімі.
Бұл — бизнестегі әйелдердің жетістіктері мен жеңістерін дәріптеуге, олардың кәсіпкерлік бастамалары мен еңбегін бағалауға арналған жыл сайынғы жобаның қорытынды кезеңі.
Салтанатты шара барысында байқау нәтижелері жарияланып, 5 номинация бойынша финалистерге ARNUR CREDIT атынан ақшалай гранттар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
BIKESH — тек байқау немесе қаржылай қолдау алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл — әйел кәсіпкерлердің жаңа білім алып, тәжірибе бөлісіп, пікірлес жандармен байланыс орнатып, өз кәсібін дамытуға жаңа серпін беретін алаңы.
Осындай ауқымды шараның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
ARNUR CREDIT
Біздің шағын несие — Сіздің несібе!
Мекенжайы: Шымкент қ., Байтұрсынова көшесі, 10/2
Байланыс нөмірі: 2288
WhatsApp: +7 778 058 22 88
Лицензия № 17.21.0015.М 25.03.2021 ж. ҚР ҚНРДА тарапынан берілген.