ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Қаржылық сауаттылық қаржылық қызметтердің талаптарын түсінуге, тәуекелдерді бағалауға және өз бетінше әрі саналы шешім қабылдауға көмектеседі.
1.
МИКРОКРЕДИТ РӘСІМДЕУ АЛДЫНДА
Алдағы төлемдердің қаржылық мүмкіндіктеріңізге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Шартқа қол қоймас бұрын мыналарға назар аударыңыз:
МИКРОКРЕДИТ СОМАСЫ
Сіз нақты қанша ақша аласыз.
ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИІСТІ ЖАЛПЫ СОМА
Нәтижесінде барлығы қанша ақша төлеу қажет екенін көрсетеді.
МЕРЗІМІ
Микрокредитті қандай мерзім ішінде қайтару қажет.
СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
Сыйақыны есептеу кезінде қолданылатын пайыздық мөлшерлеме.
ЖТСМ
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі микрокредит бойынша көзделген төлемдерді ескере отырып, оның құнын көрсетеді.
ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙМАС БҰРЫН ӨЗІҢІЗГЕ МЫНА СҰРАҚТАРДЫ ҚОЙЫҢЫЗ:

Бұл микрокредит маған шынымен қажет пе?
Мен қанша ақша аламын?
Барлығы қанша ақша қайтаруым керек?
Төлемдерді уақытында төлей аламын ба?
Егер шарт талаптары сізге түсініксіз болса, шартқа қол қоймаңыз. Сіз қажетті ақпарат пен түсіндірмелер алуға құқылысыз.
2.
ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ
Қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде сіз қаржылық қызмет және шарт талаптары туралы толық әрі дұрыс ақпарат алуға құқылысыз.
Сондай-ақ сіз:
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАСА
  • сұрақтар қоюға және түсіндірмелер алуға.
  • төлемдер мен берешек туралы ақпарат алуға.
  • ұйымға өтініштермен және жолданымдармен жүгінуге.
  • өз құқықтарыңызды қорғаудың және дауларды сотқа дейін реттеудің заңнамада көзделген тәсілдерін пайдалануға құқылысыз.
Мәселені назардан тыс қалдырмаңыз.
Берешекті реттеудің ықтимал тәсілдерін нақтылаңыз және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды ұсыныңыз.
Төлемді кешіктіру қосымша шығындарға және шарт пен заңнамада көзделген өзге де салдарға әкелуі мүмкін.
Мүмкіндігінше ертерек ұйымға хабарласып, өз жағдайыңыз туралы хабарлаңыз.
3.
АҚШАҢЫЗ БЕН ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ
Қаржылық алаяқтар өздерін банктердің, микроқаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.
SMS-КОДТАРДЫ
PIN-КОДТАРДЫ
ҚҰПИЯСӨЗДЕРДІ
ЖЕКЕ КАБИНЕТКЕ КІРУ ДЕРЕКТЕРІН
ЕШКІМГЕ БЕРМЕҢІЗ:
1. Аккаунтыңызға және қаржылық құралдарыңызға қолжетімділікті шектеңіз.
3. Тиісті қаржы ұйымына дереу хабарласыңыз.
2. Құпиясөздерді өзгертіңіз.
4. Алаяқтық белгілері болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
КҮМӘНДІ ОПЕРАЦИЯНЫ БАЙҚАСАҢЫЗ
Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша бағдарламалар орнатпаңыз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Күрделі құпиясөздерді, ресми қосымшалар мен сайттарды пайдаланыңыз. Мүмкіндік болса, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.
Қысым жасалған жағдайда қаржылық операцияларды орындауға асықпаңыз. Тоқтап, ақпаратты ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз тексеріңіз.
4.
АҚШАҢЫЗДЫ САНАЛЫ БАСҚАРЫҢЫЗ
Қарапайым қаржылық әдеттер қаржылық қиындықтардың туындау қаупін азайтуға көмектеседі.
ҚАРЖЫЛЫҚ РЕЗЕРВ ҚҰРЫҢЫЗ

Мүмкіндігінше кірістің бір бөлігін күтпеген шығындарға жинаңыз.
ҚҰЖАТТАРДЫ ОҚЫҢЫЗ
Қол қоймас бұрын шартпен мұқият танысып, түсініксіз талаптар бойынша сұрақтар қойыңыз.
ҚАЙТАРА АЛАТЫН МӨЛШЕРДЕН АРТЫҚ ҚАРЫЗ АЛМАҢЫЗ

Микрокредит рәсімдеу алдында өзіңіздің борыш жүктемеңізді бағалаңыз.
БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАҢЫЗ
Тұрақты кірістеріңіз бен шығыстарыңызды салыстырыңыз.
ТАЛАПТАРДЫ САЛЫСТЫРЫҢЫЗ
Тек төлем мөлшеріне ғана емес, ЖТСМ-ға, мерзімге және қайтарылуға тиіс жалпы сомаға да назар аударыңыз.
БАСТЫ ҚАҒИДА
ҚАРЖЫЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ.
Қаржылық сауатты шешім — саналы түрде қабылданған шешім.
Қажетті ақпаратты алыңыз → талаптарды салыстырыңыз → өз мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз → тәуекелдерді зерделеңіз → содан кейін ғана шешім қабылдаңыз.